Жаналық

Қазақстанға аяз келе жатыр

2018-11-02 16 рет қаралды


    Қазақстанға қысқа мерзімді жылынудан кейін суық келеді. Күздің соңғы айының басы қысқа ұқсас болады. Бұл туралы "Қазгидрометтің" инженер-синоптигі Айнұр Қайыңбаева айтты, деп хабарлайды.
   "Өткен демалыс күндері жауын-шашынға қарамастан ауа райы жылы болды. Температура оңтүстік-шығыс пен шығыста 14 градусқа дейін жылынды. Алайда Ресейдің орталық аудандарынан жылжыған циклон және онымен байланысты атомосфералық фронттар қазірдің өзінде Қазақстанның солтүстік облыстарына жауын-шашын әкелді", — деді Қайыңбаева.
Оның айтуынша, алдағы уақытта суық фронттардың әсерінен қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады, батыс және солтүстік-батыста қатты жел соғады.
"Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қарға ұласатын жаңбыр жауады, таулы және тау бөктері аудандарында 31 қазанда және 1 қарашада жауын-шашын қатты жауады, сондай-ақ Қазақстанның барлық аумағында күн суытады", — деп толықтырды синоптик.