Жаналық

Жақында аудан ардагерлері бас қосып алдағы уақытқа бағдарлама жасады.

2018-10-31 22 рет қаралды


Жақында  аудан ардагерлері бас қосып алдағы уақытқа бағдарлама жасады. Бастауыш ұйымдардың келешекте атқарар жұмыстары жөнінде аудандық ардагерлер кеңесінің  төрағасы Ө. Тақырбасов хабарлама  жасады. Ол мұнан соң  қазіргі таңдағы еліміздегі қалыптасқан жайлар жөнінде  айта келіп сөз соңында:  –Ауылдық округтердегі ардагерлердің бастауыш ұйымдары төрағалары ауыл әкімдерімен бірлесе  жұмыс істеулері қажет . Сондай – ақ басшылық тарапынан қоғамдық ақылы қызметкер алуға болады. Олар ұйымның іс қағаздарын жүргізуге компьютерде жұмыс істейтін болуы керек. Ардагерлердің қоғамдағы белсенділігін арттыруға ықпал ету, оған өз үлестерін қосуға мүмкіндік жасау тиімді. Өздеріңізге белгілі өткен қыркүйек айында 25 зейнеткер  облыстық ардагерлер кеңесінің  ұйымдастыруымен Астанаға арнайы жолдамамен барып, Елорданың қазіргі келбетімен танысып, аралап қайтты. Мұндай игі шаралар алдағы уақыттарда қайталанады деген үміт бар, сонымен қатар болашақта «Ауданның құрметті ардагері  атағына үміткерлерді іріктеу  және оның санын шектеу керек, осы тұрғыда Сіздердің пікірлеріңіз құнды, – деп ортаға ой тастап сөзін қорытты.
Келесі кезекте  сөз алған «Ауданның  құрметті ардагері» Зинабдин Шермағанбетов, бастауыш ұйым төрағасы Н.Исмаилов, Қ. Мейірбеков, еңбек ардагері Б.Өтешова «Ардагерлер мерейі» газетінің редакторы А.Бекжігітов шығып сөйлеп бір ауыздан қолдау білдірді.

Жиын соңында Ө.Тақырбасов, З.Шермағанбетов бастауыш ардагерлер ұйымы төрағаларына қызметтік куәліктерін тапсырды.