Жаналық

Мәуліт мерекесіне орай әйелдер жамағаты арасында рухани кеш өтті.

2018-11-29 14 рет қаралды
 Пайғамбарымыз (ﷺ) дүниеге келген Рабиул-әууәл айының құрметіне орай ұйымдастырылған шараның қадірлі қонақтары - облыстағы сектор жетекшісі Л.Сыдықова бастаған ұстаздар қауымы және мешіт жамағаты.
    Кеш барысында қазақ тілінде Мәуліт жыры оқылып, Алла елшісіне (ﷺ) салауат айтылды, өнегелі оқиғаларға негізделген қойылымдар қойылып, сахабалар өмірінен алынған ғибратты уағыздар тыңдалды. Сонымен қатар, жас жеткіншектер Алла Тағаланың 99 көркем есімдерін жарыса ұлықтаса, мешіт жамағаттары хадистерді риуаят етілу жолдарымен қосып жатқа айтудан сайысты.