Жаналық

ЖАҢАҚОРҒАН ЖАСТАРЫ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА

2019-01-11 116 рет қаралды
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялануына байланысты, М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде "Жаңақорған жастары жарқын болашаққа" атты аудан жастарының форумы өтті.
Форумға аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы Әміреев, Қызылорда облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Қуаныш Қуантқанұлы Жанұзақов, "ЮНЕСКО-ның" Қазақстандағы вице-президенті Ғани Бектайұлы Бисенбаев, Түркістан облысы ауыл жастары одағының төрайымы Сабира Байзахова, "Содружество Қызылорда" қоғамдық қорының әлеуметтік-кәсіпкерлікті дамыту жобасының жетекшісі Азамат Жаппасов, «Zhas Project» жобасының Қызылорда облысы бойынша координаторы Баян Жақсылыққызы Егізбаева қатысты. Жиынға қатысушылар өз идеяларымен бөлісіп, аудан жастарына келешекке жоспар құрып, жас кәсіпкер атануға болашаққа нық қадам басуға шақырды.
Форум аясында Жаңақорған ауданындағы #Zhasproject жобасы бойынша барлық 68 жобаның жұмыстары таныстырылды.