Жаналық

Ауа райының қолайсыздығы мал шығынына алып келді.

2019-02-21 97 рет қаралды

2019 жылдың 20 ақпан күні Жаңақорған ауданы әкімдігінен арнайы комиссия құрылды. Алайда, комиссия құрамының оқиға орына жету мүмкіндігі болмай «Оңтүстік өңірлік аэромобилді жедел құтқару жасағынан» арнайы техникалар көмекке сұратылды. Сұратылған техникалар 2019 жылдың 20 ақпан күні 12 сағат 30 минуттар шамасында Жаңақорған ауданына жетті.Оқиға орнына 15 сағат 20 минутта жеткен кезде келесі жағдайлар анықталды.

«Бақытжан» шаруақожалығының иесі Нәлібаев Бақытжанның айтуынша қар астында қалған уақ малының саны шамамен 250 бас болса, қар астынан табылғаны 70 бас уақ мал. Табылған уақ малдардың құлақтарындағы сырғалары құлақтарымен бірге кесіп алынып, фотосуретке түсіріліп жинақталды. Қалғанын қар ерімей табу мүмкін болмады.ДК «Садуова» иесі жеке кәсіпкер Садуова Калмаштың айтуынша қар астында қалған уақ малының саны шамамен 57 бас болса, қар астынан табылғаны 7 бас уақ мал. Табылған уақ малдардың құлақтарындағы сырғалары құлақтарымен бірге кесіп алынып, фотосуретке түсіріліп жинақталды. Қалғанын қар ерімей табу мүмкін болмады.

Қазіргі таңда, аудан әкімдігінен құрылған комиссия (6-адам, 2-Нива). «Оңтүстік өңірлік аэромобилді жедел құтқару жасағынан» (10-адам, 1-Нива (Үлкен дөңгелекті), 1-Трэкол, 1-Камаз (Кунг)) автокөліктері аудан орталығына қайттып келді.Шаруақожалықтан барған (19-адам, 1-Нива, 2-МТЗ трактор тіркемесімен, 1-Газ-66) оқиға орнында көмекке қалды.Сонымен қатар оқиға орнына 2 тіркеме жоңышқа пресс шөбі жеткізілді.



Аталған жағдайдың орын алу себебі: ақпан айының басында ауа райының жылы кезінде малшылардың мерзімінен бұрын қыстаудан жайлауға көшіп баруы және ауа райының күрт өзгеріп жауын шашынды болуы салдарынан.Қар астында қалған малдардың бастары қар ерігеннен кейін комиссия құрамымен қайта саналып есептеледі және бүгінгі күні де екі топ жұмыс жасауда.