Жаналық

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

2019-02-28 89 рет қаралды

        Бүгін 28 ақпан күні Ғани Асанұлы Тұрсекеев басшылық ететін аудандық полиция бөлімі 1 наурыз - Алғыс айту күні қарсаңында Жаңақорған кентінде  әлеуметтік көмекті қажет ететін 2 отбасына қайырымдылық көмек көрсетті.



        Айта кетейік, 22-23 ақпан күндері аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлім және мемлекеттік мекеме қызметкерлері аз қамтылған 37 отбасына осындай қайырымдылық көмек жасаған болатын. Қайырымдылық шара 1 наурыз - Алғыс айту күні өз жалғасын табады.