Жаналық

1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын!

2019-03-01 108 рет қаралды

        Бүгін көктемнің алғашқы күні елімізде Алғыс айту күні тойланады.

        Бұл күн - бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі.Бұл

мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау шақта құшақ жая қарсы алған дархан көңіл қазақ

халқына алғыс айтады. 2016 жылдың 14 қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан

халқы Ассамблеясының құрылған күнін Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Тарихқа көз салсақ, XX

ғасырдың басында елге Беларусь, Ресей және Украинадан 1 миллионнан аса адам қоныс аударған,

ұжымдастыру кезеңінде 250 мың шаруа жер аударды. Бүгінде қазақ жеріне 100-ден аса ұлт өкілі

ауызбіршілікте, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Тарихтың куәгерлері бұл күні ұрпақ бойына сыйластық

нәрін сіңіруге мүдделі.