Жаналық

Бүгін ауданымызда 1 Наурыз - Алғыс айту күні кең көлемде аталып өтті.

2019-03-01 122 рет қаралды

        Бүгін "Ордакент " жастар ресурстық орталығында 1 Наурыз - Алғыс айту күні кең көлемде аталып өтті. Шараға түрлі этнос өкілдері қатысып, өздерінің ұлттық тағамдарын, әндерін, билерін көрсетті. Қазақ қашанда қонақжай, бауырмал халық екенін бауырына басқан 130-дан аса ұлтты жатсынбай, бір тудың астында, бір үйдің балаларындай тұрмыс кешуінен аңғаруға болады. Ізеттілігі мен ілтипаттығы, сыйластығы мен салт-дәстүрге құрметі бір. Аудан орталығында өткен мерекелік кешке жиналғандардың арасында әр түрлі ұлт өкілдері бар. Бәрінің жүрегі қазақ деп соғады. Осылай басталған шараны ХХ ғасырдың 30-50 жылдары қазақ даласының тарихын суреттеген бейнебаян ашты. Ел-елден жер ауып келген әр түрлі этнос өкілдерін баласындай бауырына, досындай төріне шығарып, бір атаның ұрпағындай туыс боп өмір кешкені туралы көрініс туралы көрініс керемет әсер қалдырды. Әлі де осы ұрпақ сабақтасығы жалғасып келеді. Жаңақорған топырағында да өзге деп өзегінен теппей, қайта ағайындай араласып кеткен басқа ұлт өкілдері жетерлік. Бір мүдде жолында ортақ жүкті көтеріп жүргені үшін оларды аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков құттықтап, алғысын білдірді. Шара аяқталған соң белсенді этнос өкілдері  алғыс хатымен марапатталды.