Жаналық

Аудан әкімі Жаңақорған ауданы әкімдігінің барлық қыз - келіншектерін келіп жеткен мерекемен құттықтады

2019-03-07 115 рет қаралды

     Аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы Әміреев және аудан әкімі аппаратының ер азамат қауымы Жаңақорған ауданы әкімдігінің барлық қыз - келіншектерін 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап,гүл шоқтары мен сыйлақтар арқылы ізгі тілектерін жеткізді.

     Сонымен  қатар,  аудан  әкімі  5   наурыз  күні  Қызылорда  қаласында  « 8  Наурыз  -Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында өткен волейболдан жергілікті мемлекеттік органдарда қызмет атқаратын қыз -келіншектер арасындағы облыстық турнирде жүлделі ІІ орын иеленген Жаңақорған ауданы әкімдігінің  құрама командасын жетістіктерімен қоса, «8 Наурыз –Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтап гүл шоқтары мен алғыс хаттармен марапатталды.