Жаналық

Мерекелік құттықтау!

2019-03-07 86 рет қаралды
        Сіздерді көктемнің хабаршысы, бар тіршіліктің жаңару сәтімен қабат келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қашанда елге тұтқа, ұрпаққа ана болған әйел затынсыз жарық дүниені, төрткүл әлемді елестету мүмкін емес. Елбасы: «Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттің өсіп-өркендеуінде әйелдердің қосқан үлесі шексіз» деп айрықша атап өткен болатын. Бүгінгі таңда жаңақорғандық нәзік жандылар мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе және кәсіпкерлікте толайым табыстарға жетуде. Яғни, қазіргі таңда қоғамның әрбір бөлігіндегі қызметте – көшбасшы, жұмыста – жігерлі жандарсыз елестету мүмкін емес. Сан саналы өмірдің әрбір тұсында нәзік жандардың қолтаңбасын тану қиын емес. Біз әрқашан қоғамның дамуын өмірде – нәзік, ал істе – іскер әйелдер қауымымен тығыз байланыстырамыз. Олай болса, дүние атаулыға жылылық, мейірім мен махаббат сыйлаған аналарымызды шуақты көктем мерекесімен тағы да құттықтаймын! Қымбатты нәзік жандылар, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлестеріңіз үшін ризашылық білдіремін. Айтулы мереке қарсаңында, Сіздерге зор денсаулық, жақсылық, толағай табыс тілеймін!



Ізгі тілекпен,
аудан әкімі Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы