Жаналық

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019-03-07 92 рет қаралды

«БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларға ақпарат беру бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлайды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені кез келген уақытта (электрондық тәсілмен) тегін алуға құқылы. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық.

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы анықтаманы мынадай тәсілдермен алуға болады:

    1)    БЖЗҚ-ға тікелей келіп өтініш беру;

    2)    электрондық тәсіл, оның ішінде:

–үзінді көшірме БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық мекенжайға жіберіледі.Салымшы (алушы) таңдап алынған кестеге сәйкес зейнетақы шотынан үзінді көшірмені: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын алады;

– логин мен пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен, Қор сайтының Жеке кабинеті арқылы;

–  электрондық үкімет порталының Жеке кабинеті немесе бір реттік sms-парольарқылы, мұнда sms-пароль mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген салымшылар мен алушылардың ұялы телефонына жіберіледі;

    3)    дәстүрлі пошта байланысы арқылы.

        Ақпарат алу тәсілін таңдау үшін салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесіне келеді. Электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, ақпарат алу тәсілін Қор сайтының Жеке кабинетінде таңдауға немесе өзгертуге болады.