Жаналық

АТ СПОРТЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА

2019-03-12 104 рет қаралды

       Жастар жылына орай 14 -22 наурыз аралығында Жаңақорған ауданында жастар арасында көкпар, аударыспақ, теңге ілуден XIII, жамбы атудан V Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жарысқа Алматы қаласы мен барлық облыс орталықтарынан шабандоздар қатысады.

       Бұл дүбірлі дода сəуір айында Алматы қаласында жастар арасында өтетін I Азия чемпионатына іріктеу жарысы болып табылады.Қызылорда облысының намысын 21 спортшы қорғайды.