Жаналық

Облыс әкімінің өндіріс, инвестициялық саясат, кәсіпкерлік және туризм мәселелері жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды

2019-04-04 91 рет қаралды

Облыс әкімінің өкімімен Қа­зақстан Республикасы Пре­зиденті Әкімшілігінің келісімі бойынша Имандо­сов Мұрат Самұратұлы        Қы­зыл­орда облысы әкімінің өн­діріс, инвестициялық саясат, кәсіпкерлік және туризм мә­селелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

М.Имандосов 1972 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қа­рағанды мем­лекеттік универ­ситетін “Экономист” маман­дығы бойынша, әл-Фараби атын­­дағы Қазақ ұлттық универ­ситетін “Заңгер” мамандығы бойынша бі­тірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1994 жылы Қазалы ауданы бойынша салық инспек­ция­сының маманы болып бастаған. 1995-2000 жылдары Қазалы ауданы бойынша салық инспекциясының инс­пекторы, бас маманы, бөлім бас­тығы, төраға орынбасары болды. 2003-2008 жылдары Шиелі ауданы бойынша Са­лық комитетінің төрағасы, Қы­зылорда облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсе­келестікті қорғау коми­тетінің мо­нополияға қарсы басқарма­сының бастығы болған.

2008-2011 жылдары ҚР Бәсеке­лестікті қорғау агент­тігінің Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы, Қос­танай және Солтүстік Қа­зақстан облыс­тары бойынша өңіраралық инспекция­сының бастығы лауазымын атқарды.

2011-2016 жылдары – Қы­зылорда облысы Қазалы және Қармақшы аудан­дарының әкі­мі, Қызылорда облысы­ның индустриялық-инновациялық да­му басқармасының басшысы.

2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мем­лекеттік бақылау және ау­мақтық-ұйымдастыру жұмысы бө­лімінің мемлекеттік инспекторы қыз­метін атқарып келді.