Жаналық

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша түсіндіру жиыны өтті

2019-04-05 98 рет қаралды

     «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АЕҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының бас сарапшысы Абылайхан Рахимов Жаңақорған ауданында болып, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жиындарын өткізді. «Ата мекен» кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалы басшылығының қолдауымен аудан кәсіпкерлері мен кәсіпкерлікті жаңадан бастаушы тұлғалар арасында түсіндіру жүргізілді. Онан кейін «Күкірт қышқылы зауыты» өндіріс орнында болып, кәсіпорын қызметкерлері арасында түсіндірме жүргізіліп, МӘМС жүйесі жайлы тақырыптық үнпарақшалар таратылды. Сондай-ақ МӘМС жүйесі бойынша жауапты маман А.Рахимов облыстық ересектерге арналған Шалхия шипажайы, орталық аурухана және аудандық емхана бойынша медицина қызметкерлері арасында МӘМС жүйесіне қатысты оқытылым сағаттарын өткізді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің енгізілуі бойынша жекелеген кәсіпкерлермен де жұмыс орындарында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.