Жаналық

АЗАМАТТАРДЫ 2019 ЖЫЛҒЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ

2019-04-05 53 рет қаралды

Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 наурыздағы №1343 Қаулысына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары облыс көлемінде тиісті деңгейде толық ұйымдастырылып, өткізілуде.

Сондай-ақ әскери қызметке шақыру маусымында шақырылушыларды үш мезгіл уақытылы ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары да тиісті деңгейде жүзеге асырылды. Әскерге шақырушыларға берілетін ыстық тағамның сапасы мен берілу уақыты арнайы бекітілген тексерушімен тұрақты түрде қадағалануда.

Оған қоса, облыстық жиын пунктінен Қызылорда теміржол вокзалына дейін құрамаларды шығарып салу үшін тасымалдайтын автокөліктің қауіпсіздігін қоғамдық тәртіпті қадағалайтын жол-патрульдік полициясымен бекітілген кестеге сәйкес қамтамасыз етілуде.

Қызылорда облысынан ҚР Қарулы Күштері қатарына 111 азамат жөнелтілді.