Жаналық

СЫҒАНАҚ - ЧЕМПИОН!

2019-04-08 70 рет қаралды

     4-5 сәуір күндері Түркістан қаласында бұқаралық ақпарат өкілдері арасында өткізілген шағын футболдан республикалық турнир өз мәресіне жетті. Тартысты турнирге Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Орал, Көкшетау, Қызылорда, Түркістан және «Сыр медиа» ЖШС-на қарасты Жаңақорған аудандық «Жаңақорған тынысы» газеті мен Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінің журналистерінен құрылған «СЫҒАНАҚ» құрамасы қатысты. Кіл мықтылар қатысқан дүбірлі доп додасында «СЫҒАНАҚ» құрамасы турнирдің жеңімпазы атанды.
Бас жүлдеге сыйлықақы көлемі 500 000 теңге.