Жаналық

Елімізде кезектен тыс Президент сайлауы 9 маусым күні өткізіледі

2019-04-10 66 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Кезектен тыс президенттік сайлау осы жылдың 9 маусым күні өткізіледі.

«Қымбатты Отандастар! Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын. Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам» - деп Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеуінде мәлімдеді.