Жаналық

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы атқарылған жұмыстар қорытындысы талқыланды

2019-04-10 80 рет қаралды

2019  жылдың 8 сәуірінде аудан әкімдігінде жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің және аудан тұрғындарының қатысуымен аудан көлемінде 2018 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы атқарылған жұмыстар қорытындысы талқыланды.

Өткен жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер статистикасы мен сапасына тоқталып, осы саладағы туындаған түйткілді проблемалар мен кедергілер, қызмет көрсету деңгейін көтеру сынды мәселелер қозғалып, оларды шешу жолдарына ізденіс жасалды. Сондай-ақ аудан тұрғындарының цифрлы сауаттылығын көтеру мақсатында жасалып жатқан шаралар мен алдағы уақытта атқарылуы тиіс нұсқамалар берілді.

Жиналыс соңында Мемлекеттік корпорацияның аудандық бөлімі инспекторы тарапынан egov порталымен жұмыс істеу көрнекі түрде көрсетіліп, қатысушылардың өтініштері бойынша түрлі анықтама алу, Электронды санды қолтаңба алу және оны создыру тәсілдері үйретілді.