Жаналық

"Тілді меңгеру -заман талабы" такырыбында семинар -тренинг өткізді.

2019-04-11 77 рет қаралды
«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының» тапсырысы бойынша «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының үйлестіруімен «Үштілділікті насихаттау» әлеуметтік жобасы аясында құрылған облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып , іс -шара жоспары  бекітіліп, жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 4-сәуір күні насихаттық топ Жаңақорған ауданының тіл мамандарының  қатысуымен "Тілді меңгеру -заман талабы" такырыбында көшпелі семинар -тренинг өткізді.

Шара барысында Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының маманы А.Тулепбергенова,  "Мұрагер" орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Тебегенова, С.Сейфуллин атындағы орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Ж. Шалғымбаева, Н. Ахмадиева атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ш.Адамбаева тіл мәселесі, үштілділік жөнінде баяндамалар жасалып, сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.