Жаналық

Бүгін - Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні

2019-04-12 112 рет қаралды

1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышкер - Юрий Алексеевич Гагарин "Восток" атты ғарыш кемесімен жер бетінен ғарышқа алғаш рет  қазақ жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан сапар шекті. Ғарыштағы сапары 1 сағат 48 минутқа созылған болатын.

Осы тарихи оқиғаға байланысты 12 сәуір күні 1968 жылы Халықаралық авиация федерациясының конференциясында "Авиация және космонавтика" күні болып бекітілді. 2011 жылдан бастап оған тағы бір атау қосылды - Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні (International Day of Human Space Flight). 2011 жылдың 7 сәуірі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы пленарлық отырысында ғарыш кеңістігін игеру ісіндегі алғашқы қадамға 50 жыл толуына орай арнайы  қарар қабылданды. Оның тең авторлары әлемнің 60-тан астам мемлекеті болды.