Жаналық

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру және онлайн қызметтерді алу тәртібі» атты оқыту семинары өткізілді

2019-04-12 55 рет қаралды

2019 жылдың 11 сәуірінде аудан әкімдігі және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан көлеміндегі барлық жалпы орта білім бері және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлары мен бағдарламашыларының қатысуымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру және онлайн қызметтерді алу тәртібі» атты оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында облыстық білім басқармасының «Дарын» облдыстық қосымша білім беру орталығы мен «Incraft» компаниясының мамандары білім саласын цифрландыру мақсатында электронды көрсетуге бағытталған өнімі «SITCEN» жүйесімен таныстырды. Аталмыш өнім білім беру саласындағы бірқатар қызметтерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Олар – 1 сыныпқа құжат қабылдауды автоматтандыру жүйесі, тегін тамақпен қамтуды ұсыну қызметі, тегін тасылмалдауды қамтамасыз ету, тәрбиеленушілер мен оқушылардың жекелеген санаттарына қала маңындағы және мектеп лагерьлерінде демалыс орындарына жолдама беру қызметі және білім беру мекемелеріне оқытушылар мен директорларды іріктеу және қабылдау жүйесі. Семинар барысында жүйе құрылымы, мәліметтерді енгізу, өңдеу және қайтару процестері көрсетілді.

Сонымен қатар, жиналысқа Мемлекеттік корпорпацияның аудандық бөлімінің маманы арнайы қатыстырылып, egov электронды порталынан қызмет алу тәсілдері мен тәртібі, қызмет нәтижесін өңдеу жолдарын үйретті. Қазіргі таңда аудан көлеміндегі барлық білім беру ошақтарында орналастырылған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы қолдетімді қызмет түрлерімен таныстырып, мекеме ұжымындағы қызметкерлерді аудан орталығына қатынап, уақыт пен қаражат шығынысыз онлайн қызмет алып отыруға және өздері тұратын елді мекен тұрғындары арасында осындай насихат жұмыстарын жүргізуге шақырды.