Жаналық

Волейболдан аудандық ашық біріншілік өткізілді

2019-04-15 85 рет қаралды

12 сәуір күні Жаңақорған кенті Денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде волейболдан ерлер арасындағы аудандық ашық біріншілік өткізілді. Жарысқа 100-ге жуық спортшылардан құралған 9 құрама қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша:

Байкенже жастары құрамасы - 1 орынды, Әбдіғаппар ауылдық округінің құрамасы - 2 орынды, Байкенже ауылдық округінің құрамасы - 3 орынды иеленді. Жарыс жеңімпаздары және үздік ойын көрсеткен спортшылар демеушілер тарапынан тағайындаған бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздармен марапатталды.