Жаналық

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына құжаттар қабылдау басталды

2019-04-15 113 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы өкімін орындау үшін аудандық деңгейдегі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының І-кезеңі өткізілуде. Конкурсқа отбасы мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылық және зияткерлік салада, ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылар қатыса алады.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына құжаттар 2019 жылдың 15-30 сәуір аралығында аудандық ішкі саясат бөлімінде қабылданады. 

Мекен-жайы: Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №33 үй (аудан әкімдігінің ғимараты), 309-кабинет.

Байланыс телефоны: 22-2-90, 21-8-06.