Жаналық

Тектіліктің дара тұлғасы

2019-04-25 94 рет қаралды
24 сәуір күні аудандық «Ордакент» ардагерлер, жастар орталығы үйі фойесінде Жаңақорған аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданының «Ғасыр адамы», қоғам қайраткері Сейілбек Шаухамановтың «Тектіліктің дара тұлғасы» атты кітап көрмесі жасақталды.

Кітап көрмесінде аудандық кітапхана қорындағы Шаухамановтың өмірі мен еңбек жолдары туралы мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалары мен кітаптары, сонымен қатар Хорезмнің құрметті азаматы, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» орденінің иегері – секілді ел ықыласына бөленген белі беріш, қолы құрыш ағамыздың марапаттары мен жетістіктері көрмеде орын алды.