Жаналық

ХАБAРЛАНДЫРУ! "Қарапайым заттар экономикасын" дамыту мақсатында несие берудің бағдарламасы іске қосылды.

2019-04-26 73 рет қаралды

"Қарапайым заттар экономикасын" дамыту мақсатында 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлініп, Басым жобаларға жеңілдетілген несие берудің бағдарламасы іске қосылды.

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 15%.

Оның 7% мемлекет субсидиялайды. Ауыл шаруашылығы саласында кейбір жобаларға субсидия 10%.
Кәсіпкерлерге ақырғы сыйақы мөлшерлемесі - 8%. Ал, кейбір ауыл шаруашылығы өнімдеріне - 5%.
Кредит беру және субсидиялау мерзімі қоса алғанда 7 жылға дейін.
Кредиттер инвестициялық мақсатқа (жаңа өндіріс немесе жұмыс жасап тұрған өндірісті кеңейту) - 70 пайызға дейін және айналым қаражатын толықтыруға - 30 пайызға дейін.
Бұл бағдарлама шеңберінде кредиттер 365 тауар өндіруге, оның ішінде 118 азық-түлікке және халық тұтынатын 247 тауарға беріледі.

Бұл басым жобалар:

- агроөнеркәсіп;
- азық-түлік өндірісі;
- жеңіл өнеркәсіп;
- жиһаз және үй тауарлары өндірісі;
- құрылыс материалдары өндірісі салаларына бағытталған.

Бұл бағдарламаны облыста іске асыруға 7 банктің филиалы қатысады:

1) Халық банк;
2) Сбербанк;
3) АТФбанк;
4) ForteBank;
5)Цеснабанк;
6) Евразиялық банкі.

Толығырақ мәліметте төмендегі мекен-жай арқылы алуға болады:

Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, байланыс телефоны: 22-4-97

Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік палатасы, байланыс нөмірі: 79-1-20