Жаналық

КӘСІПКЕРЛІК - ЕҢ БАСТЫ БАҒЫТ

2019-04-30 129 рет қаралды

Бүгін яғни 30 сәуір күні аудандық мәдениет үйінде кәсіпкерлік саласын қолдау, ауданда кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыру, оларға төменгі пайызда яғни жеңілдетілген несие беру арқылы қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылайтын жиын өтті.

Жиынға облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы, Өңірлік инвестициялар орталығы, мемлекеттік жекеменшік әріптестік орталығы, "Даму" кооперативтік қоры мен екінші деңгейлі 6 банк және "Агро Самғау" қорының өкілдері қатысты.

Қадірлі Жаңақорғандықтар! Егер Сіз өз кәсіпкерлігіңізді ашуды жоспарлап жүрсеңіз, алайда сапалы бизнес идея жазуға және өзге де құжаттарды жинауға мүмкіндігіңіз жоқ болса, біз сіздерге барлық мүмкіндікке қол жеткізуге көмек береміз. Ең басты міндет және мақсат халықты кәсіпкерлікке бағыттау, оның өз мақсатына еш кедергісіз қол жеткізу.