Жаналық

Қызылордада жастар орталығы ашылды

2019-05-07 59 рет қаралды

Жаңа орталығы Сырдарияның сол жағалауында орналасқан. Орталықта IT-park, антикафе, интернет, кітапхана, жаттығу залы қарастырылған және тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев облыс жастарын заманауи ресурстық орталықтың ашылуымен құттықтады.

«Әрине, аға ұрпақтың ізгі ісі – жастарға оң жағдай жасау. Биылдың өзінде аймақта мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 500 млн-нан аса қаржы қаралса, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жариялаған биылғы Жастар жылына орай қосымша 70 млн. қаржыға жаңа бастамалар бірінші кезекте қолдау тапты»,-деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, аймақ басшысының тапсырмасымен орталық тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Жастар орталығы ғимараты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде «ҚазГермұнай» Біріккен кәсіпорны» ЖШС демеушілік  қолдауымен пайдалануға беріліп отыр.

Аталмыш орталық интернет-кітапхана және антикафе, IT-парк, жаттығу және конференц-залдарын қамтиды.