Жаналық

Зұлпыхар Мұсахановтың туылғанына 105 жыл толуына арналған «Сыр елінің рухани құндылықтары» атты байқау өткізілді

2019-05-08 59 рет қаралды

     2019 жылдың 3 мамыр күні облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы және Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары аясында ҚР Еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденінің және «Құрмет белгісі» орденінің иегері, «Жаңақорған қонысының құрметті азаматы» Зұлпыхар Мұсахановтың туылғанына 105 жыл толуына арналған «Сыр елінің рухани құндылықтары» атты жылжымалы мәдени демалыс – кешенінің облыстық байқауы өткізілді. Байқаудың басты 3 шарты бойынша барлығы 6 мәдени-демалыс кешендері қатысып, бақ сынады.

     Байқау барысын және талапкерлердің өнерін сарапқа салып отырған қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Қазалы ауданынан келген «Жібек жолы-Қазалы» тобы, жүлделі І орынды Жалағаш ауданының «NOMAD» тобы, ІІ орынды Арал ауданынан келген «Ұлы дала ұрпақтары» және Шиелі ауданының «Қызғалдақ» топтары, ІІІ орынды Сырдария ауданының «Ұлар» және Жаңақорған ауданының «Аманат» топтары жеңіп алып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
     Сонымен қатар байқау барысында құттықтау сөз сөйлеген Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Сопбеков Ғалымжан Жарқынбекұлы алдын-ала өткізілген Ұлы Отан соғысының жауынгері, танкист Айтмағанбет Накиповтың туылғанына 95 жыл толуына орай сценаристтердің облыстық байқауы жеңімпаздарын жүлделі орындар және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Жүлдегерлер: Бас жүлде Сырдария ауданы, Нағи Илиясов ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Жанат Шакизадаева, І орын Жаңақорған аудапны, Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері Талап Тотаев, ІІ орын Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылдық клубының меңгерушісі Сандуғаш Талқанбаева, ІІІ орын облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының «Сыр сұлуы» халықтық ән-би ансамблінің жетекшісі Гүлжазира Төкенова мен Шиелі ауданы, Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет орталығының әдіскері Гүлшат Әбдімомынова.