Жаналық

ХАБАРЛАНДЫРУ! «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы өткізіледі

2019-05-13 119 рет қаралды

2019 жылдың 13-26 мамыр (қоса алғанда) аралығында Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен электронды үкімет веб-порталы арқылы (www.egov.kz) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру мақсатында облыс тұрғындарын ынталандыруға бағытталған «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы өткізілетіндігін хабарлаймыз. Портал арқылы:

әрбір 350-шы қызмет алушыға картридер және ақпарат тасығыш (флешка)

әрбір 370-ші қызмет алушыға смартфон

әрбір 530-шы қызмет алушыға планшет

әрбір 720-шы қызмет алушыға фотоаппарат

әрбір 1000-ші қызмет алушыға ноутбук

3500-шы қызмет алушыға теледидар сыйға тартылады.

Акция төмендегі электронды мемлекеттік қызметтерді  пайдаланушылар арасында жүргізіледі:

1) Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру;

2) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;

3) Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру;

4) Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;

5) Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу;

6) Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру;

7) Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу;

8) Медициналық қызметке лицензия беру;

9) Фармацевтикалық қызметке лицензия беру;

10) Тұрғын үй көмегін тағайындау;

11) II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру;

12) Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру;

13) Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту;

14) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

15) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

16) Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

17) Архивтік анықтамалар беру;

18) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;

19) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау;

20) Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

21) Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

22) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;

23) Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру.