Жаналық

Аудан тұрғындарының назарына!

2019-06-03 51 рет қаралды

Егер Сіз немесе Сіздің досыңыз, жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың мына түрлеріне ұшыраса:

- күш көрсетіп, ұрып-соғып, намысыңызға тисе, жұлмалап қатыгездік жасаса;

- қорқытса, азғындық жасаса, күштеп жыныстық қатынасқа итермелесе, бопсаласа, танымайтын адамдар артыңыздан еріп, Сізді бақылауға алса, ойын-сауық орындары мен кештерге шақырса, зорлау әрекеттерін жасаса;

- еркіңізден тыс еңбек етуге мәжбүрлесе, құлдыққа салса, еңбек еткен ақыңызға ақшаңызды төлемесе және басқа да келеңсіз жағдайлар орын алса «Қамқорлық» дағдарыс орталығына хабарласыңыз!

Дағдарыс орталығының байланыс телефондары: 8 (7242) 30-25-40, 8 (702) 871-54-45, 8 (777) 340-87-34.