Жаналық

Аудан әкімі "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының мүшелерімен кездесті

2019-06-05 96 рет қаралды

Ұлттық тәрбие - ел болашағы. "Баланы жастан" демекші, мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады. Кеудесінде "Бұл менің елім, менің жерім" деп сенім ұялата білген жас қана өз елінің шынайы патриоты бола білмек.

Осы мақсатта бүгін аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы Әміреев аудан бойынша құрылып, жұмыс жасап жатқан "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының белсенді мүшелерімен кездесті. Аудан әкімі оқушылармен  адал еңбек, адалдық пен әділдік, парасаттылық жайында пікір алмасты. Кездесу барысында белсенділігімен көзге түскен "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының мүшелері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.