Жаналық

«Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсының жеңімпаздары анықталды

2019-06-05 69 рет қаралды

«Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Департамент жанынан құрылған комиссияның алдында байқауға қатысушы мемлекеттік қызметшілер бақтарын сынады. Биылғы жылғы конкурстың өңірлік кезеңіне 8 мемлекеттік қызметші үміткер ретінде «Не себепті мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықтымын» тақырыбындағы уәждемелік эссесін ұсынған. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білу бойынша тестілеуден 8 үміткердің 5-і өткен. Өңірлік комиссияның отырысында алғашқы сатылардан сүрінбей өткен мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті кәсібилендіру, оны жетілдіру бойынша жеке жобалық жұмыстары бағаланды.

Өңірлік комиссияның шешімімен облыстық кезеңнен Қазалы аудандық соты кеңсесінің бас маманы Ақылбек Қазыбековтың және Жаңақорған ауданы, Қыркеңсе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жасұлан Бейсенбеков жеке жобалық жұмыстары үздік деп танылып, республикалық деңгейге ұсынылды. Ендігі кезекте облыстың үздік мемлекеттік қызметшілері республикалық комиссия алдында өз жобаларын қорғайды.

Республикалық деңгейде жеңімпаз атанғандар «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісімен марапатталып, республикалық «Жас мемлекеттік қызметшілер» форумына қатысуға жолдама алады.