Жаналық

Ораза айт мерекесі қарсаңындағы игі шаралар

2019-06-06 161 рет қаралды

Ораза айт мерекесінің алғашқы күні аудан жұртшылығы үшін ырысты, берекелі күн болды. ҚМДБ Қызылорда облысындағы өкілі Болатбек Абуов ағамыздың қатысуымен Жаңақорған кенті орталығындағы "Ордакент" ардагерлер мен жастар ресурстық орталығында "ЖАҢАРҒАН ЖАҢАҚОРҒАН ЖАСТАРЫ" еріктілер тобының бастамасымен "Қамқор" әлеуметтік дүкенінің ашылу салтанаты мен Жаңақорған кентінің тұрғыны, "Жаңақорған тынысы" газетінің байырғы тілшісі, марқұм Оразалы ағамыздың жары Анар Беласарова апамызға қуаныш сыйлау мақсатында тұрғын үй кілті табысталды.

Бұл игі істердің бастамашысы мықты кәсіпкер немесе меценаттар емес қарапайым Жаңақорған кентінің жаны жомарт жастары, мешіт жамағаттары. Айта кетсек, Данияр Досантаев Арман Мажитов, Нурболат Аширов, Әбдісамат Әбдіш, "Жаңарған Жаңақорған жастары" еріктілер тобының жетекшісі Еркінбек Айнақожаев, белсенді жас Қанат Кеңесбекұлы және өзге де бірқатар жастардың оның ішінде Жаңақорған кентіндегі "Аташауыл" мөлтек ауданының 1991 жылғы жастарының ерен еңбегі.

Аудан жастары биылғы жылы яғни бес айда екі отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етіп, үлкен қуаныш сыйлады. Жыл соңына дейін осындай игі істер өз жалғасын табатын болады. Осындай қайырымдылық шараларына Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Махмұтбайұлы Әміреев үлкен қолдау көрсететіндігін айтып өтті.