Жаналық

Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

2019-06-05 72 рет қаралды

4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында орталық алаңда салтанатты шара өтті. Шара мемлекеттік мекемелердің автокөліктерінің шеруімен бастау алды. Кенттің орталық көшелерімен өткен шеру патриоттық рухты асқақтатты. Шара барысында аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы аудан тұрғындарын мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтарға «Алғыс хаттар» табыстады. Мемлекеттік мереке қарсаңында мемлекеттік қызметшілер аудан жұртшылығы алдында Отан үшін адал қызмет етуге және бар күш жігерімен халыққа қызмет етуге ант берді. Мерекелік шара аудан өнерпаздарының патриоттық ән шашуларымен қорытындыланды.