Жаналық

Жаңа медициналық нысандар пайдалануға берілді

2019-06-07 74 рет қаралды

Бүгін Ораза Айт мерекесінің үшінші күні Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Махмұтбайұлы Әміреев пен Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Олжас Ермекұлы Искаковтың қатысуымен Жаңақорған ауданы, Билібай және Талап бекетерінде медициналық бекет, ал М.Нәлібаев ауылында фельдшерлік медициналық бекет пайдалануға берілді.

Тағы да қуанышты жаңалықтың бірі жақын күндері Қожамберді ауылында фельдшерлік медициналық бекет, Өзгент және Бірлік ауылында дәрігерлік амблаториялық бекет ашылады.

Айта кетейік, 2018 жылы Жаңақорған ауданы бойынша 4 медициналық нысан халық пайдалануына берілсе, биылғы жылы бұл көрсеткіш саны 6 медициналық нысанға жетеді.