Жаналық

Аудан көлемінде құрылыс қарқынды дамуда

2019-06-07 98 рет қаралды

Бүгін 7 маусым күні Қожакент ауыл тұрғындарының көптен күткен арманы — спорт кешенінің іргетасын қалау рәсіміне аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы Әміреев бастаған аудан және ауыл әкімшілігі басшылары, ардагерлер, жүзге жуық ауыл тұрғындары қатысты.

Мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы аясында Қожакент ауылы «Нұрбол-И» шаруа қожалығының төрағасы, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосушы, түрлі әлеуметтік топтарға көмек көрсетуші меценат Үсенов Изатулла Ергешұлының демеушілігімен спорт кешенінің құрылысы бастау алды. Құрылыс жұмыстары осы жылдың қыркүйек айына дейін аяқталып, жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылдық округінде дал осындай спорт кешенінің  құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарына дара кәсіпкер "Парасат и КО" шаруа қожалығының төрағасы Искаков Талғат мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы аясында демеушілік жасауда.

Аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы Әміреев өз сөзінде биылғы жылы Жаңарық ауылында тек бұл спорт кешенінің құрылысы ғана емес, 300 орындық мектептің құрылысы басталатындығын атап өтті.

Бұдан бөлек, Қожамберді және Сунақата ауылдық округтерінде мемлекеттік жеке әріптестік жобасымен спорт комплекс ғимараттарының алғашқы іргетасы қаланады.