Жаналық

Басты мақсат - салауатты өмір салтын қалыптастыру

2019-06-10 49 рет қаралды

8 маусым күні Жаңақорған ауданы бойынша Жаңарық, Қожакент, Қожамберді, Сунақата ауылдық округінде мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы аясында спорт кешендерінің құрылысы басталды. Әрбір нысанға сыйымдылығы 500 адам жаттығатын бұл кешендердің құрылысы биылғы жылдың қыркүйек айында аяқталып, халық игілігіне беріледі.

Айта кетейік, биылғы жылы мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы аясында пайдалануға берілетін нысандардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда үш есе көп. Әрине бұл нысандардың ішінде денсаулық сақтау мекемелері мен спорттық комплекстер көш бастауда.