Жаналық

ҚР ОСК Президент сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды

2019-06-11 92 рет қаралды

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс президент сайлауының қорытындысын шығарды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сәйкес, Жамбыл Ахметбеков 167649 дауыс немесе сайлаушылардың жалпы дауысының 1,82 процентін, Дания Еспаева 465714 дауыс немесе барлық сайлаушылардың дауысының 5,05 процентін, Әміржан Қосанов 1495401 дауыс, яғни барлық сайлаушылардың дауысының 16,23 процентін, Төлеутай Рахымбеков 280451  дауыс немесе жалпы сайлаушылардың дауысының 3,04 процентін алды.

«Сондай-ақ Амангелді Таспиховқа 182898 дауыс берілді, бұл дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 1,98 проценті, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6539715 дауыс немесе сайлаушылардың 70,96 проценті дауысын берді. Сәді-Бек Түгел 84542 дауыс немесе сайлаушылардың жалпы санының 0,92 процентінің дауысын алды», - деді ҚР ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен.