Жаналық

Жаңақорғанда Арыстық 150 бала тегін демалатын болады

2019-06-28 174 рет қаралды

2019 жылғы 9 - 18 тамыз аралығында облыстық білім басқармасына қарасты Жаңақорған ауданындағы «Облыстық олимпиада және қосымша білім беру орталығында» Арыс қаласының 150 баласы тегін демалатын болады. Жол шығындарының барлығы шақырушы, яғни облыс әкімдігі тарапынан төленеді. Тынығу маусымында балаларға психологиялық треннинтер, тауға саяхаттар, түрлі үйірме жұмыстары ұйымдастырылатын болады.