Жаналық

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні аталып өтті

2019-06-28 54 рет қаралды

28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай Жаңақорған ауданы "Арман" кенттік мəдениет үйінде салтанатты шара өткізілді. Шараны аудан əкімі Əміреев Ғалым Махмұтбайұлы ашып беріп, журналистерді төл мерекелерімен құттықтады. Кәсіби және азаматтық ұстаным таныта отырып, елімізде жүргізіліп жатқан барлық реформаларға белсене қатысып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, жастарды рухани тазалыққа тәрбиелеуге, қоғамдағы келісім мен өзара түсіністікті нығайтуға белсене үлес қосқан баспасөз қызметкерлерін марапаттады.