Жаналық

"NUR OTAN" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Байтілес Ержан Айтөреұлы бастауыш партия ұйымдарымен кездесті

2019-07-01 114 рет қаралды

Бастауыш партия ұйымында өткен жиналысқа "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес, "Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасы, Аудан əкімі Əміреев Ғалым Махмұтбайұлы және бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысты.

Жиынды "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасы Əміреев Ғалым Махмұтбайұлы ашып, жүргізіп отырды.

Бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен өткізілген жиналыста күн тәртібіне 2 мəселесі ұсынылды:

1. Бастауыш партия ұйымдарын үйлестіру жұмыстары.

2. "Nur Otan" партиясының 20 жылдығына орай марапаттау.

Қойылған мәселелер бойынша хабарламалар жасалып, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Шара соңында белсенді партия мүшелеріне "Nur Otan" партиясының 20 жылдығына орай, Қызылорда облыстық партия филиалының алғыс хаттары табысталды.