Жаналық

ХАБАРЛАНДЫРУ! «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі өтеді

2019-07-03 109 рет қаралды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Атамекен» кіші бағдарламасының аясында халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді ынталандыру, көтермелеу және кіші отанын дамытуға қатысуға уәждемелеу, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету мақсатында Жаңақорған ауданында ағымдағы жылдың 15 тамызында «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімін өткізу жоспарлануда. «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары келесі номинациялар бойынша анықталады: «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік ұйымы», «Ерен еріктілік». Аудан бойынша аталған номинацияларға лайықты деп танылған азаматтар жөніндегі ақпаратты 2019 жылдың 20 шілдесіне дейін аудандық ішкі саясат бөлімінің электронды мекенжайына (janakor.ovp@mail.ru) жолдауларыңызға болады. (байланыс тел: 22-2-90). Аудандық байқаудың лауреаттары облыстық байқаудың номинанттары болып табылады.