Жаналық

Аудандық бюджетке өзгерістер енгізілді

2019-07-04 65 рет қаралды

2019 жылдың 27 маусымында Жаңақорған аудандық мәслихатының кезекті XXXIV сессиясы болып 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізілді.

Аудан бюджетінің кірістер бөлігі салықтық түсімдер есебінен 10905,0 мың теңгеге, республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен 2124794,0 мың теңгеге, облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен 145203,0 мың теңгеге, барлығы 2280902,0 мың теңгеге артып, 17461144,9 мың теңгеге жетті.

Аудан бюджетін нақтылау барысында Қазақстан Республикасында жаңа стандарттағы мемлекеттік Елтаңбаларға көшуіне байланысты аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға мемлекеттік Елтаңбалар алуға, жаңа оқу бағдарламасының енуіне байланысты оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер, оқушы дәптерлерін сатып алуға, білім беру ұйымдарының қысқы дайындығына қаржы жоспарланды.