Жаналық

Жаңақорғанда ұлттық ат спорты мерекесі өтті

2019-07-04 42 рет қаралды

Жаңақорғанда «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы» оқушыларына ұлттық ат спорты мерекесі өтті.

Шараны Қызылорда облысының білім басқармасы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Атқа міну мәдениеті» бағыты бойынша ұйымдастырды.

Бұл шараның мақсаты – жас буынды ұлттық ат спортының қыр-сырын меңгеруге тәрбиелеу, ат спортына деген қызығушылығын ояту, ұлттық құндылықтармен таныстыру. Балаларға арналған мерекеде атты мінуге дайындау, әбзелдерін түгелдеп ерттеу, жамбы ату спорты бойынша қолға садақ ұстауды, аударыспақ спортын таныстырып және атбегілік өнерден мағлұматтар беріп тынығушыларға атқа мінуді үйретті.