Жаналық

Елорда күніне орай партия қатары толықты

2019-07-09 67 рет қаралды

«Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының мәжіліс залында Елорда күніне орай азаматтарды партия қатарына салтанатты қабылдау рәсімі болып өтті. Салтанатты қабылдауда «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.М.Балқожаев Елорда күнімен құттықтады. Бүгінде Елбасы, Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Nur Otan» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған биіктігімен бағалы болып отыр. Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауында «Nur Otan» партиясына басымдық беріп, қоғам тынысындағы қайбір мәселе болмасын партияның араласуына жол ашып келеді. Бағдары айқын, болашағы жарқын партияның біздің аймақтағы қадамы да тың серпіліспен, жаңа тыныспен алға бастап келеді.

«Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.М.Балқожаев - партия қатарына жаңадан қабылданған мемлекеттік, денсаулық сақтау, мәдениет саласының қызметкерлеріне партиялық билеттері мен әр салада еңбек етіп жүрген белсенді партия мүшелеріне облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Альназарованың алғыс хаттарын табыстады.