Жаналық

Облыс әкімінің Жаңақорған ауданына жұмыс сапары басталды

2019-08-02 70 рет қаралды

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов ауданымызға жұмыс сапарымен келіп, ауданның әлеуметтік және өндірістік нысандарын аралап көреді. Бірнеше елдімекеннің тұрғындарымен кездесіп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған емдеу мекемелерінің ашылу салтанатына қатысады. Сонымен қатар, мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алушы, жалғыз басты ана А.Ағаділованың үйіне барып, отбасының тыныс-тіршілігімен танысады.

Сапар барысында аймақ басшысы «Жаңарған Жаңақорған жастары» еріктілер тобының бастамасымен көп балалы жанұяға арналған жеке тұрғын үйдің іргетасын қалау рәсіміне қатысады.