Жаналық

Аймақ басшысы «Талдысу» тынығу лагерінде болды

2019-08-05 67 рет қаралды

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Жаңақорған ауданындағы "Талдысу" балалар тынығу лагерінің жұмысымен танысты.

Айта кетейік, 28 шілде күні аталған лагерге Арыс қаласынан 20 күнге 150 бала тегін демалуға келген болатын. Облыс әкімінің лагерге келуінің бірден бір себебі де Арыстық бүлдіршіндер еді. Танысу барысында жас бүлдіршіндер аймақ басшысына керемет демалыс үшін өз алғыстарын білдірді.

Арыс қаласы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Абдухман Айкүміс:

Арыс қаласынан келген 150 бауырларыма 20 күн керемет және ұмытылмас демалыс сыйлағаныңыз үшін Алғысым шексіз Сізге Құрметті Қуанышбек Досмайылұлы!

Сондай-ақ, аймақ басшысы  сапар барысында аудандағы №195 инновациялық мектебінің жұмысымен танысты.