Жаналық

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасуда

2019-08-06 48 рет қаралды

Дәстүрлі шараға айналған «Мектепке жол» акциясына қолдау білдіріп жатқан азаматтардың қатары артуда. Мектепке қажетті құрал-жабдықпен оқушыларды қамтамасыз ету – игілікті іс.

Өткен жылы аймақта 21617 балаға 200185600 теңге көлемінде көмек көрсетілген. Оның ішінде 59584700 теңге демеушілер есебінен берілген. Бұл туралы Қызылорда облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Шолпан Жүнісова мәлімдеді.

«Мектепке жол» акциясы барша азаматтарды біріктіруде. Қазіргі таңда акция аясында 430 балаға көмек көрсетілді. Сонымен бірге, 200 балаға «ҚазГерМұнай» АҚ компаниясы балалардың қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етпек. Мұнан бөлек, облыстық білім басқармасы және «Жомарт» қоғамдық бірлестігі меморандумға отырды. Осы арқылы Каспий және Халық банкі Білім басқармасының ұйымдастыру штабына 40 балаға, «Нұр Отан» партиясы 70 балаға көмек көрсетті»,-дейді Ш.Жүнісова.

Айта кету керек, білім басқармасының bilim.e-kyzylorda.gov.kz сайтына жинақталған аз қамтамасыз етілген азаматтардың өтінімі мен тізімі орналастырылған. Акция аясында көмек бергісі келетін демеуші азаматтар сайтта орналасқан көмекке мұқтаж отбасыларды қарау, тандау арқылы көмек көрсете алады.