Жаналық

«Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздары марапатталды

2019-08-07 23 рет қаралды

Бүгін Жаңақорған ауданы әкімдігінде аудан әкімі Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы аудан бойынша өткізілген «Жомарт жүрек» конкурсының нәтижесімен бірқатар жомарт жандарды марапаттады.

Конкурс қорытындысы бойынша бүгінгі күнге дейін үлкен сауапты істердің жаршысы болған кент орталығындағы мешіт жамағаттарынан құралған «Жаңарған Жаңақорған жастары» еріктілер тобы «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен, Қыркеңсе ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Мантаев Марат "Жыл тұлғасы" номинациясымен , жеке кәсіпкер Шайыхов Әбдіхан "Жыл меценаты" номинациясымен , Сүттіқұдық ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Рысбаева Гүлжайна "Туған өлке" номинациясымен, Төреқұлов Еркебұлан "Ерен еріктілік" номинациясымен марапатталды.