Жаналық

ҚҰРБАН АЙТ - ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ!

2019-08-07 28 рет қаралды

Бүгін аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы Жаңақорған орталық мешітінің бас имамы, ҚМДБ аудандағы өкілі Сейдулла қажы Омаров және "Жаңарған Жаңақорған жастары" еріктілер тобының мүшелері Еркінбек Айнақожаев және Арман Мажитовпен алдағы Құрбан айт мерекесін атап өту жөнінде пікірлесіп, жоспар әзірленді.

Жылдағы дәстүр бойынша Құрбан айт мерекесін жаңақорғандықтар жоғары деңгейде өткізбек. 11 тамыз күні, сағат 08:00 ден бастап Жаңақорған кенті орталық алаңында үш киіз үй және бір үлкен шатырда дастархан жайылып, үлкен мерекеге айналады. Орталық саябақ ішіндегі барлық балалар ойын алаңы яғни аттракциондар, көше маршруттары мен бірнеше таксилер тегін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, 1000 балаға арнайы дайындалған қорап ішіндегі түрлі сыйлықтар, қайырымдылық шаралары, құран жарыс және ұлттық ойындардың барлығы ұйымдастырылады.